03
октябрь
2020
"Ұстаз болу -жүректің батырлығы"
"Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға" деген ұлы бабамыз Абай. Ұстаз-келер күннің ұстасы. Балалардың қалыптасып келе жатқан дүниетанымының өмірге деген көзқарасының иесі. Біздердің бүгінгі болмысымыз әліппені жаттатқызып, қолға қалам ұстатқан кешегі ұстаздарымыздың еңбегі. Ендеше, ұрпағымыздың ертең қандай болып өсетіні-мұғалімдердің бүгінгі еңбегінің жемісі болмақ. Ұстаз болашақ азаматтарды ғана емес, бүкіл болашақ қоғамды қалыптастырады. Осы орайда №122 орта мектепте Ұстаздар күніне орай сынып сағаттары, челлендж, шығарма байқаулары өткізілді. Тәуелсіз қазақ елінің болашағы жарқын болсын!