23
июль
2019
Тақырыбы: «Талаптың мініп тұлпарын, өмірге қанат қаққандар» атты студент жастармен кездесу кеші
Фанфар
І кіріспе сөз
1- Жүргізуші: Дәулет: Армысыздар, аяулы ұстаздар, оқушылар және мектеп түлектері!
2- Жүргізуші: Дариға:Бүгінгі мектебімізде өткелі отырған «Талаптың мініп тұлпарын, өмірге қанат қаққандар» атты студент жастармен кездесу кешіне қош келдіңіздер!
3- Жүргізуші:Нұрсұлтан: - Бүгін , осы залда биылғы оқу жылында болашағынан үміт күттіретін мектеп түлектері , әр оқу жылдары бойынша студент жастар мен жалпы жоғары сынып оқушылары және ұстаздар қауымы бас қосып отыр.
1- Жүргізуші: Дәулет , Сұлтан егер айып болмаса, кешімізді бастамас бұрын мен сендерге бірнеше сауал қояын деп едім?
2- Жүргізуші: Я, сауал қоюына болады.
3 - жүргізуші. Қал-қадірімізше, білсек жауап беруге дайынбыз.
1-Жүргізуші: Сендердің менен 1-2 жас айырмашылықтарын бар. Мысалы Сұлтан сен болашақта қандай мамандық иесі болғын келеді?Және сол таңдаған мамандығына қызығушылық қай кезден бастап пайда болды?
2-Жүргізуші:Я, Дариға сұрағын орынды . «Өскенде кім болғың келеді?» деген - бұл үлкендердің балаларға қоятын ең танымал сұрағы. Мен өзім бала кезден өнерге құштар болып өстім.Алдағы уақытта да осы өнер жолын таңдағым келеді. Ата-анам да мені үнемі қолдап отырады ешқандай қарсылығы жоқ.
3- Жүргізуші: Сұлтан барлық бала сен сияқты өнерге бейім бола бермейді ғой.Өмірде әр түрлі жағдайлар болады. Арамызда мамандық таңдауда әліде бір тоқтамға келе алмай ойланып жүргендер де бар болар. Мамандық таңдауда өз пікірі жоқ, үлкендердің көмегіне жүгінетіндер де болады.
Ақпарат көздерінен оқығаным. Адамдар өзінің болашақ кәсібіне әртүрлі жолдармен келеді.Біреулер үшін ол ойға алған арманның орындалуы, отбасы дәстүрін жалғастыру, келесі біреулер үшін жаңалыққа,дербестікке талпыныс, үшінші біреулерге әйтеуір бір мамандық алу керек болған соң.
Мамандықты таңдау үшін адам ең алдымен өзін, өз бейімділігін тануы қажет екен. Өз-өзіне «Мен кіммін?, Осы өмірдегі менің орным қандай? Қалай өмір сүремін? деген сұрақ қоймайтын адам кемде кем.
2. Жүргізуші: Бұл кездесудің маңыздылығы – нарықтық қарым- қатынас жағдайында үлкен өмірге аттанғалы отырған 11 сыныбының оқушыларына , ақ жол тілеу және болашаққа жол сілтеу, бағыт-бағдар беру.
1-ж. Я, Менің түсінгенім мамандық таңдау – қиын және еңбекті қажет ететін іс және онымен қаншалықты ізденсеңіз, нәтижесі де соғұрлым жақсы болатының түсіндім. мүмкін біз білмейтін сауалдарға өзімізден түлеп ұшқан кешегі аға, әпкелеріміз, бүгінгі студенттерден ақыл –кеңес алармыз.
3. Ж. Біздің бүгінгі «Талаптын мініп тұлпарын,өмірге қанат қаққандар» атты кездесу кешіміз де мақсаты түлектердің өмірде жаңылыспай, өз жолын адаспай табуға көмектесуге септігі тиер деген үмітпен ,осы кешке арнайы шақырылған студент жастар арқылы , ой толғаныстарымызды ортаға салып, ой бөліссек деген ниетпен өткізгелі отырмыз.
1-ж.Және бір айта кететін өте маңызды ақпарат 2017-2018 оқу жылындағы түлектердің біздің мектеп және ұстаздары үшін алатын орны ерекше.Кешегі түлек, бүгінгі студенттер.
(Мектеп түлектерінің мектеп өміріндегі суреттерін Слайдтан жетістіктерін көрсету)
2.ж Студенттер- көкке қанат сермегендер,
Ауылға сағынысып келіп пеңдер.
Студенттер –кешінде сырласайық,
Болашақтың бастауы сендер еңдер!
3.ж Студенттер – өмірдің гүл күндері,
Қуанышта аз емес бұл күндері.
Қайғысы да бір басыңа жетіп жатыр,
Ұйқысыз өткен кейде бір түндері.
1 ж. Студенттік өмірге қызығамыз,
Тым ерекше көрінер өмір көшімізде.
Мектеп түлеткен аяулы студенттер,
Қош келдіңіз, бүгінгі кешімізге.Мектеп түлектеріне бір қошемет көрсетіп қояйық.
ІІ. Студенттерді (қошеметтеп ортаға шақыру) Баяу музыка арқылы Т.Төрәлінің «Студенттер әні» орындалып тұрады.
2.ж. Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,
Көңілді күндер тусын алдан әлі,
Сіздер үшін осы кеш ашылады,
Сіздер үшін әншілер ән салады.
ІҮ. 3.ж. Ұстаздың ұлағатты сөзінен,
Өмір бойы таусылмас нәр аламыз,
Ұстаздардың мейірімді көзінен,
Бізге деген жылылықты табамыз- дей отырып, кешімізді ашу үшін мектеп директоры Салима апайға сөз кезегін береміз.
Апай ыстық лебізіңізге рахмет.Сіздің құрметіңізге ІІІ .Ән «Аққу арман» Орындайтын 8 сынып оқушысы –Темірбек Дилназ
Ү.1-ж Біліммен көркейтіп елімізді,
Танытып азаматтық тегіңізді.
Қадірлі қонағымыз, мейманымыз,
Тыңдалық сіздің де ыстық лебізіңізді дей отырып келесі кезекте «Сыр сұхбат» бөлімі.Өздерінің оқып жатқан оқу орындары және мамандықтары туралы айту үшін Сөз кезегін Шатбек Айжан, Қасым Ақерке, Досым Қанат, Қуаныш Айдана , Батырбек Гүлдана , Өрікбай Ақниетке сөз кезегін береміз.
Студенттерге сөз кезегін беру.
Ү.2-ж:Түлектердің балалық бал дәурендері өткен мектеп өмірін мәңгілік естерінде сақтасын деген ниетпен 11 сынып оқушылары Әлия мен Нағидың орындауында «Мектебім» әнің тарту етеміз.Сіздердің құрметтеріңізге орындалады.
ҮІ. 3-ж. Кешіміздің келесі бөлімі «Көрермен көкейіндегі көп сұрақ» айдарына кезек келді.Оқушылар ойларында жүрген сұрақтарыңызды қоюларыңызға болады.(Оқушылар сұрақ береді)
1. Сіз бала кезіңізде қандай маман болуды армандадыңыз?
2. Мамандық таңдауда ең бастысы не: Қабілет пе, дарын ба әлде мамандықтардың қоғамдағы беделі ме?
3. Белгілі бір кәсіптің иесі болу үшін міндетті түрде жоғары білім алу қажет пе?
4. Жақсы маман болу үшін адам нені білу және үйренуі керек?
5. Адам өз мамандығын таңдағңан кезде нені басшылыққа алу керек?
6. Адам өзін белгілі бір мамандыққа қашан, қалай дайындауы керек?
7. Адам бірнеше мамандықта меңгерсе, оның өмірі қандай болады?
8. Қазіргі заманғы жоғары білім бар маманға қандай талаптар қойылады?
ҮІІ. 1-ж.Мектептегі ұстаздардың айтуы бойынша түлектер арасында өзінің іс әрекетімен жақсы тәрбиесімен , өнерімен есте қалатын оқушылары болады екен, сондай оқушылардың бірі Аманжол Индирның ән сұраймыз.( Индира ән айтады)
ҮІІІ. Қорытынды
1 ж. Дариға: Атақты ғұлама Әбунасыр әл-Фараби айтқандай
Ісім оңсын десеңіз,
Сол істің маманы болыңыз.
Даңқым шықсын десеңіз.
Көпшіліктің адамы болыңыз.
Я достар: Мен мамандық таңдау – өте жауапкершілікті және маңызды іс екенің білдім.
2ж. Артта қалды, әттең-ай, балалық шақтың белгісі,
Өздеріңмен биік қой елдің еңсесі.
Сүріне көрмеңдер, тағдырдың сан қилы қатал сынынан,
Күтіп тұр алда болашақ өмірдің сойқан күресі!
3ж Балалықпен қоштасып, даналыққа беттедің,
Арыңды сақта жасыңнан адалдық болсын серігің.
Арманның шығып шыңына мақсатыңы құлаш ұр,
Өздеріңе тапсырдық туған жердің ертенің!
Ән «Қазақстаным алға!» орындайтын 8 сынып оқушысы Айдос Мадияр
1ж- Құштарлық пен табандылық болған жерде алға қойған мақсат та орындалады.Студент аға - әпкелер Білім жолындағы қанаттарың талмай, білім көгіне самғай беріңіздер!
2ж Бүгінгі кешке келіп өздеріңіздің пікірлеріңізді білдіріп, айтқан ақыл –кеңестеріңізге мың алғыс!
3ж- Осымен кездесу кешін аяқтаймыз! Келгендеріңізге көп –көп рахмет! Келесі кездескенше хош сау болыңыздар!