Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысы » №122 орта мектеп
Қызылорда облысы
Жалағаш ауданы білім бөлімінің
"№122 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72) 43-50-93
Есепші бөлімі:
+7(72) 23-11-37
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысы
02
ноябрь
2020

Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысы

Қызылорда облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің Қаулысы шықты.
                      Құрметті облыс тұрғындары!
Қызылорда облысы халқы арасында коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында бүгін, яғни 2020 жылдың 31 қазанында  Қызылорда облысы бойынша  карантиндік шектеу шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы жаңа Қаулы шықты.
1.Аталған Қаулыға сәйкес бұған дейін енгізілген бірқатар шектеулер, тыйым салулар жалғасады. Атап айтқанда:
1) ойын-сауық, спорттық іс-шараларды, көрмелерді, форумдарды, конференцияларды, сондай-ақ отбасылық, салтанатты, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, еске алу), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды өткізуге;
2) ойын-сауық мекемелерінің (караоке, бильярд, компьютерлік клубтар, түнгі клубтар, боулинг орталықтары, жабық үй-жайлардағы балалар ойын алаңдары мен аттракциондар, батуттар және басқалар), букмекерлік кеңселердің қызметіне тыйым салу жалғасады.
2. Жаңа Қаулыға сәйкес күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режиммен келесі нысандардың қызметі жалғастырылсын:
1) ашық ауада және үй-жайда қоғамдық тамақтану объектілерінің қызметі ұжымдық іс-шараларды өткізбей, залда 50-ден аспайтын отыратын орын орнатыла отырып, сағат 9.00 ден 22.00-ге дейін;
2) сағат 9.00 ден 22.00-ге дейін сұлулық салондарының, шаштараздардың, СПА орталықтарының, косметологиялық қызмет көрсететін объектілердің қызметі;
3) сағат 9.00 ден 22.00-ге дейін толықтырылуын 50%-дан асырмай моншалардың, сауналардың қызметі;
4) сағат 9.00 ден 22.00-ге дейін алдын ала жазылу бойынша, толықтырылуын 50% – дан асырмай және бір келушіге кемінде 5 ш. м. қамтамасыз етіп, фитнес-орталықтар мен спорттық-сауықтыру орталықтарының қызметі;
21) сағат 9.00 ден 22.00-ге дейін бір адамға су айнасының 5 ш. м. есебінен жеке форматта, алдын ала жазылу бойынша бассейндер қызметі;
22) сағат 9.00 ден 22.00-ге дейін 5 адамнан аспайтын жеке және топтық жаттығуларға арналған спорт кешендерінің қызметі;
25) сағат 6.00 ден 22.00-ге дейін  әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып, 3 адамнан аспайтын топтармен немесе бір отбасы мүшелерінің ойын-сауық объектілері жоқ саябақтарға, алаңдар мен скверлерге, жағалауларға және халықтың өзге де демалыс орындарына баруы;
26) сағат 6.00 ден 23.00-ге дейін  қоғамдық көліктің жұмысы;
29)  жұмыс кестесін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін белгілей отырып, ХҚКО-ның жұмысын ұйымдастыру жалғасады.
3.Қайта бастауды қамтамасыз етсін:
1) бір мезгілде 30 адамнан асырмай, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, облыстық командаларды даярлау үшін оқу-жаттығу жиындарын;
2) ағымдағы жылғы 2-ші қарашасынан бастап сенбі күндері сағат 9.00 ден 22.00-ге дейін толтырылуын 30%-дан асырмай, сауда-ойын-сауық орталықтарының, сауда үйлерінің (бутиктер), сауда желілерінің жұмысын;
3) ағымдағы жылғы 2 –ші қарашасынан бастап сағат 9.00 ден 22.00-ге дейін кинотеатрлар қызметін  қайта бастау қамтамасыз етілсін (толтырылуы 30%-дан аспайды, infokazakhstan.kz порталында тіркеле отырып, маска режимін, шахмат тәртібімен отырғызуды, әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып).
4. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі және мереке күндері мынадай шектеу шараларын енгізілсін:
1) азық-түлік супермаркеттері мен дәріханаларды қоспағанда, сауда-ойын-сауық орталықтарының, 2000 және одан да көп ш.м. көлемімен сауда объектілерінің, жұмысын тоқтата тұруды;
2) азық-түлік емес және жабық азық-түлік базарларының жұмысын тоқтата тұруды.
5. Осы Қаулы 2020 жылдың «02» қараша  00 сағат 00 минуттан бастап күшіне енеді.
Ақпарат Сыр бойы газетінен алдынды.
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив