Арманыма жетелеген жетістік.
2020 жылдың басында Нұрсұлтан Назарбаев Қоры және Елбасы Академиясы «Мың бала» ауыл мектептеріне арналған бірінші Ұлттық олимпиадасының өтетінін естіп қуанып қалдым. Біз сияқты ауыл балаларына мұндай қолдау таптырмас мүмкіндік емес пе?! Бекер қуанбаппын. Мен де бағымды сынап көргім келді. Бірінші кезеңге қатыстық, нәтижесі ұзақ күттірмеді. Сүйінші хабар! Екінші кезеңіне өтіппін. Енді дайындалу керек, маған берілген мүмкіндік деп шештім. Бүкіләлемдік пандемияға байланысты елімізде