"Еңбек Ері С.Жұмабекованың өнегелі өмірі" атты бірыңғай сынып сағаты
N122 орта мектепте Ғасыр анасы, Социалистік Еңбек Ері, Батыр ана С.Жұмабекованың 85 жылдығына орай "Еңбек Ері С.Жұмабекованың өнегелі өмірі" атты бірыңғай сынып сағатын 10 сынып жетекшісі А.Әбдіхалықова өткізді. Сынып сағатының басты мақсаты- ұрпағына өнегелі өмірімен ерен еңбектің үлгісін көрсете білген қазақ даласының диқаны, күрішші С.Жұмабекованы дәріптеу, әрбір оқушыға еңбекпен танылған Батыр ананың ұлттық болмысы мен бейнесін жеткізу. #тәрбие # ұлттық құндылық #бірыңғай сынып сағаты